USD
USD
USD

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева депутаттардың ай сайынғы жалақысы қанша екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі депутаттардың еңбекақысы еңбек өтіліне байланысты есептелмек.

жаңа құрам
Фото: Aqorda.kz

Астана, NEGE. 2026 жылдың қаңтарында бұрынғы Сенат пен Мәжіліс депутаттары өздерінің және жұбайларының кірістері туралы декларацияларын жариялаған болатын. Алайда декларацияларда депутаттардың негізгі жалақысы мен жұбайларының еңбекақысы жеке көрсетілмеген еді. Құжаттарда салық салынатын қосымша кірістер, оның ішінде дивидендтер, сыйақылар, мүлікті сатудан түскен қаражат және басқа да табыс көздері қамтылған.

Ал ендігі жаңа парламент – Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша болатынын депутат Дания Еспаева айтты.

«Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 млн теңге болады», – деді ол.

Оның айтуынша, депутаттың бір күндік жалақысы да осы айлық мөлшеріне қарай есептеледі. Мәселен, айына 600 мың теңге алатын депутаттың бір күндік жалақысы шамамен 29 мың теңге, ал 1 млн теңге алатын депутаттікі 48 мың теңге болады.

Бұған дейін Еспаева депутаттар этика нормаларын бұзған жағдайда бір күндік жалақысынан айырылатынын айтқан болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.