USD
USD
USD

Данил Мұсабаев Батутты гимнастикадан Париж олимпиадасына жолдама алды

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Данил Мұсабаев
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Мұсабаевтың 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды.

Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады.

Германияның Котбус қаласында аяқталған әлем кубогінде Мұсабаев финалға өте алмай, 47-орында қалды.

Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі.

Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы