USD
USD
USD

Даниал Ахметов: Мен әкім болғалы бері Семейді өзгертуге тырыстым

Елордаға жолы түсе бермейтін ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін Үкімет отырысына келді.

Даниал Ахметов: Мен әкім болғалы бері Семейді өзгертуге тырыстым
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Әдеттегідей журналистермен баспалдақ жанында сөйлесуді ұнататын Ахметов бүгін де сөйтті. Заң негізінде өкілеттілігі келер айда аяқталуы тиіс Даниал Кенжетайұлы әлі зейнетке асықпайтын тәрізді. 

2017 жылы зейнеткерлікке шығуы керек болған Д.Кенжетайұлының қызметтік өкілеттілігін Назарбаев өзінің жарлығымен бес жылға ұзартып, 2022 жылдың 15 маусымына дейін қызмет атқаруға пәрмен берген болатын.  

Яғни, Даниал Ахметов 1 айдан кейін 68 жасында, өзінің туған күнінде зейнетке кетуі тиіс. 

Баспалдақ маңында «Семей өңіріне шамамен 354 млрд теңге шамасында инвестиция салынғанып, қала танымастай өзгерді» деп айтқан соңғы сөзі көпке жақпай қалған-ды.

Бүгін де журналистер сөзіне ырықсыз жауап берген Даниал Кенжетайұылы «Мен әкім болғалы бері Семейді өзгертуге тырыстым. Отыз жылдан бері ол өңірдегі мәселеле – су мен жылу болатын. Қазір барлығы түбегейлі өзгерді» деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy