USD
USD
USD

Дәмханадан ақша салынған сөмке ұрланды

Ақтөбеде белгісіз біреу 4 мың доллар және миллион теңге салынған сөмкені ұрлап кетті.

Дәмханадан ақша салынған сөмке ұрланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері күдікті қылмыс жасағаннан кейін Батыс Қазақстан облысына кетіп қалғанын анықтады.

Оқиға 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі кафелердің бірінде 15 желтоқсан күні түстен кейін болған.  

"24 жастағы қала тұрғыны патрульдік полиция жасақтарына үстел үстінде жатқан рюкзағында 4 100 АҚШ доллары, 824 мың теңге сомасында ақша болғандығын айтты. Жалпы шығын – 2,5 миллион теңге", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті. 
Қабылданған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қылмыс жасағаннан кейін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына кетіп қалғаны анықталды.  

Көрші облысқа жіберілген жедел уәкілдер Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер