USD
USD
USD

Дәмханадан шыққан мас тұрғын өз-өзіне қол салмақ болды

Петропавлда 20 ақпан сағат 07:00 шамасында қаланың көңіл көтеретін орындарының бірінде мас күйдегі екі тұрғын теріс қылық көрсетіп, тәртіпті бұза бастаған. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жақын маңда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері оқиға орнына келді. Шу шығарғандардың біреуіне самбо әдістерін қолданып, қолына кісен салуға тура келді. Екіншісі ашу үстінде өзінің тамағына пышақ тақап, өзін-өзі өлтіретінін айтып қорқыта бастаған.

Оқиға орнына дереу қосымша күштер жіберілді, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев та келді.

Абырой болғанда, ызаланған қала тұрғыны тынышталып, пышағын жерге тастайды, кейін полицейлердің талабымен қызметтік көлікке отырды.

Қазіргі уақытта ұсталған ер адамдардың екеуі де полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынып, әкімшілік жазаларын өтеп жатыр. Олардың қалған әрекеттеріне бөлек құқықтық баға берілмек.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы