USD
USD
USD

Далай-лама Жерге қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

Буддашылардың діни көшбасшысы Далай-лама XIV әлемдегі экологияның нашарлауының салдарынан Жердегі барлық тіршілік иесіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

Далай-лама Жерге қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Далай-лама Халықаралық Жер-Ана күніне орай мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, қоршаған ортаны қорғау жолында барлық адам баласы бірігіп күресуі қажет. Әйтпегенде апаттың алдында тұрмыз деп мәлімдеді.

"Әрқайысымыз тек өзіміздің, отбасымыздың не еліміздің жағдайын ғана ойламай, барлық адамзат баласы үшін қызмет етуге үйренуіміз қажет", - дейді Далай-лама.

Рухани көшбасшы жаһандық жылыну проблемасы, кейбір аймақтардағы су тапшылығы мен сапалы медицинаның жоқтығына назар аударуға шақырды. Сондай-ақ ол АҚШ президенті Джой Байденнің әлемнің көшбасшы елдерімен бірігіп, климатқа байланысты саммит өткізу бастамасына қолдау білдірді.

2009 жылы Боливияның ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық Жер-Ана күні деп бекітті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер