Дала феномені: Қазақстандық компания әлемдік қаржы нарығын қалай жаулады
Танымал бизнесмен Тимур Турловтың Freedom Holding компаниясы өткен жазда басты қаржы жаңалықтары лентасынан түскен жоқ. Оған себеп бар: нарықтағы танымал америкалық «аюлар» Hindenburg компанияның қызметі туралы мақала жариялады.
Акциялардың құлдырауынан оңай пайда тапқысы келетін «шортистер» Қазақстанда тіркелген холдингті «санкция тәртібін бұзды» деді және тағы да басқа ақылға сыймайтын айыптаулар тағуға тырысты. Алайда FRHC акциялары Штаттарда (Freedom NASDAQ биржасына 4 жылдан астам бұрын шыққан) құлдыраған жоқ, керісінше, компанияның ашықтығы арқасында, аудиторларға түйткілдерді түсіндіріп бергеннің және инвесторлар мен акционерлердің сенімінің арқасында 15 жылдық тарихы бар компанияның құны өсе түсті.
Тәуелсіз директорлар бірнеше ай бұрын компанияны тексеруді сұрады. Яғни қаржылық тексеру, комплеанс процедурасы (мұның ішінде KYC, Know Your Customer – «клиентіңді таны» және AML, Anti-Money Laundering – «қаржы жытқыруға қарсы процедура» бар). Тексеру нәтижесінде америкалық фирма (сот-бухгалтерлік Forensic Risk Alliance және заңдық Morgan Lewis & Bockius LLP) Freedom және еншілес компаниялары ешқандай да заң бқзбағанын кезекті рет кезекті рет нақтылап берді. Бқл туралы «Известия» егжей-тегжейлі жазды.
Абырой – басты орында
Холдингтің негізін қалаушы және СЕО-сы (бас атқарушы директор) Тимур Турлов «бизнестің абыройы – басты актив» деп санайды. Биржаға шыққалы бері компания акциялары 5 есеге өсті, бұл – акционерлердің сенімі жоғары деген сөз. Бизнестің жалпы құны 4,5 млрд долларға, ал иесінің қоры шамамен 3,5 млрд долларға бағаланған. Турловтың Forbes тізіміне кіргеніне біраз болды, ол сұхбаттарында бұл сома есепшотында жатқан қаржы емес, бизнестің бағасы екенін әрдайым айтып жүреді.
«Бұл ақша – жұмсалып кеткен қаражат. Мен ақшаны есепшотта немесе тартпада сақтауға қарсымын, мұнымен әрдайым күресіп жүремін, өйткені ақшаның тоқтап қалғанын жек көремін. «Өлі» ақша қайда жатса да, оны тездетіп жұмсауға, әлденеге инвестиция етіп салуға асығамын. Бқл сенің еңбегіңнің өтеуіне келген энергия, одан соң ақшаны қандай да бір активке айырбастайсыңегер сен оны шартты түрде сандыққа салып қойсаң, адамдардың аса үлкен көлемдегі энергиясын да қамап тастайсың, ол жқмыс істеуі керек. Мен мына нәрсені де жиі айтамын: егер саған үлкен қор керек болса, алтын-валюталық резерв қажет болса, сен ешкімге сенбейтін адамсың. Олай болса саған да ешкім сенбейді», – дейді Турлов.
«Фридом Финансты» Турлов 2008 жылы Мәскеуде құрды. Ал Қазақстанға 2021 жылы келді. Соңғы жылдары Қазақстанды өз мүдделерінің орталығы санайды. Отбасы осында тұрады, осы жерде компанияның негізгі экожүйесі дамып жатыр. 2022 жылы ол ресейлік активтерін сатып, Қазақстанның азаматтығын алды. 2023 жылдығ қаңтарынан бері Қазақстанның шахмат федерациясын басқарады, бұдан бөлек, компаниясы арқылы түрлі мәдени, экологиялық, спорттық шараларға қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ бизнесмен Қазақстан билігі жүргізіп отырған саясатты қолдайды, ал өзінің саясатпен айналысқысы жоқ. Өйткені «кәсіпкерлікте пайдам көбірек тиеді» деп есептейді.
Freedom басшысының пікірінше, Орталық Азияда Қазақстанның негізгі ағымдар өтетін қаржы хабына айналу мүмкіндігі өте жоғары.
«Бұл аймақта ақша көп, оның үстіне көптеген елдер барынша жабық. Ал біздің еліміз жаңа швейцария сияқты, аймақтағы ең жоғары халықаралық рейтингке ие. Технооптимистік және мемлекеттік қызметтері цифрланған, Батысқа бағыт алған, инвестицияға ашық елміз», – дейді ол.
Жұмыс масштабы
Бастапқы кезден-ақ Freedom түрлі юрисдикцияда қызмет көрсететін, клиенттеріне құнды қағаздар сатып алуға көмектесетін брокер болды. Ал қазір компания 19 елде жұмыс істейді, 2023 жылдың соңында Еуроодақтағы белсенділігін арттырды. Нидерландыда, Аустрияда және Болгарияда кеңселерін ашты (Еуропада кеңселерінің саны онға жетті).
«Freedom холдинг ретінде қазір интеграцияланған экожүйе құру үшін инвестиция салады. Ең алдымен біз мұны Қазақстанда жасаймыз. Қаржылыө және қыржылық емес қызметтерді жинаймыз, тауарларды дамытып, ең үздңктерін ұсыну үшін клиенттеріміздің қажеттілігін зерттейміз. Осы интеграцияның айналасында бәрі құрылып жатыр», – дейді Тимур Турлов.
Қазақстанның бүгінгі экосистемасы – цифрлы банк, екі брокер (бірі қазақстандық нарықта, екіншісі халықаралық стандарттарға сай «Астана» халықаралық қаржы орталығында жұмыс істейді), төлем жүйесі, инвесторларға арналған өзінің сауда платформасы, сондай ақ сақтандыру бағыты, lifestyle-қызметі (авиабилеттер, іс-шаралар билеті, онлайн-супермаркет).
«Экосистема жасамаудан басқа біздің таңдауымыз болған жоқ – кішкентай ойыншылар ірі қаржы ұйымдарынан, өзіндік маркетплейсі бар банктерден ұтылып қалады, тағысын-тағылар», – деген Турлов өз саласында жаңа стандарттарға қол жеткізіп, үлкен «рі жаңа құндылық жасағысы келетінін айтады.
«Кез келген кәсіпкер сияқты менің басты арманым – менің тауарларыма жұрт кезекке тұрса деймін. Ол шынымен де халыққа қажетті дүние болса және одан біз жақсы пайда тапсақ деп армандаймын», – дейді ол.
Қазір холдинг барлық қызмет түрін біртұтас супераппқа (super-app) біріктіріп жатыр. Бұған қосымша өткен жылы байланыс операторы Freedom Telecom құрылып,дамуына жуырда 200 млн доллар облигациялық заев тартылды.
Компания басшысы холдингтің ішкі фокусы түрлі активтер арасында әрдайым «жүзіп» жүретінін айтады. Әр бағыттың дамуына, тауардың жаңалығына сәйкес, холдингтің қандай да бір «еншілесіне» көп уақыт керек болады. Сөйте тұра Турлов өзінің қырағы бақылауы бизнеске кедергі келтіруі мүмкін екенін айтады. «Қазір телекоммуникация саласын толыққанды жүргізу үшін көп ресурс қажет. Бизнесті әске қосып, ол пайда әкелуі үшін уақыт керек», – дейді ол.
Қоғамға көңіл бөлу
Freedom спорты белсенді қолдап келеді: жасөспірімдер футболын және шахматты бизнестегі тәжірибемен ұштастыра дамытуда. Бұл тек қаржылай қолдау емес. Турлов соңғы жылдардағы әлеуметтік жобаларға салған инвестиция көлемін 30 млрд теңгеге бағалап отыр.
«Егер меценаттық немесе қайырымдылық туралы айтар болсақ, ақшамен бәрін бүлдіру оңай, осыны есте сақтау керек. Оның үстіне қазір Қазақстан қоғамына біртұтас болып жұмылатын уақыт. Бізде бала туу өсіп келеді, балаларымыз осы елде өмір сүргенін қалаймыз», – дейді Турлов.
Турловтың өзі де – көп балалы әке. «Отбасым – кұш беретін орын. Не істесем де, балаларым өмірге келгені мен үшін ең керемет сәт екенін естен шығармаймын», – дейді ол. Сондай-ақ бизнесмен балалары оның ісін жалғастыруы шарт емес екенін, әр адамның мүмкіндік аймағы бар екенін айтады.
Freedom компаниясының түрлі бастамалары елдегі әлеуметтік теңсіздікті жеңуге көмектеседі. Мәселен, жаңа телеком да осыған құрылған.
«Егер біз ең болмаса екі млн қазақстандыққа жоғары жылдамдықты сапалы байланыс тартып берсек, олар сапалы білім мен медицинаға қол жеткізуге мүмкіндік алады. Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемде жүзінші орында емес, ең болмаса 20-30-орында тұрса, еліміздегі ЖІӨ айтарлықтай өсетініне сенімдімін», – дейді Турлов.