USD
USD
USD

«DaisyBell»: Алматыда қар көшкініне қарсы мобильді жүйе сынақтан өтті

Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Алматы филиалына барып, филиалдың қызметімен танысып, бірқатар объектілерді, соның ішінде орталық диспетчерлік пункт пен автомобиль және арнайы техниканың жай-күйін тексерді.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Сапар барысында ведомство басшысы Қазселденқорғау қызметкерлерімен бірлесіп көшкін жағдайына мониторинг жүргізу және бағалау үшін аэровизуалды барлау жүргізді. Қар көшкінінің алдын алу үшін орнатылған жаңа жабдыққа ерекше назар аударылды.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Шыңғыс Әріновке «DaisyBell» мобильді қар көшкініне қарсы жүйесі таныстырылып, сынақтан өтті. Бұл қондырғы тікұшаққа кабель арқылы бекітілген металл конус. Құрылғының жұмыс принципі конустағы азот-сутегі қоспасының бұзылуын қашықтан бақылайды, бұл қар көшкінінің тиімді түсуіне ықпал етіп, аса ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік береді. «DaisyBell» қар көшкініне қарсы жүйесі Еуропа елдерінде, соның ішінде Ресейде сәтті қолданылып келеді және жергілікті климаттық жағдайларда оның жұмысын бағалау үшін Қазақстанда сынақтан өтуде.

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен аэровизуалды барлау шеңберінде жүйе Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің көшкін қаупі бар учаскелерінде қар көшкіндерінің профилактикалық түсуімен сынақтан өтті. Министр көшкін қаупі кезеңінде профилактикалық жұмыстарда жаңа технологияларды қолдану қажеттігін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Елімізде көшкін қаупі бар 619 учаске бар, оның 165-і Алматы қаласында орналасқан. Соңғы жылдары қысқы демалыс түрлерінің танымалдылығының артуымен адамдардың өміріне қауіп айтарлықтай өсті.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 2025 жылдың қаңтар және ақпан айларында таулы аумақтың басым бөлігінде температура жоғары болып, жауын-шашын мол түседі. 

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

ком тариф

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Кинотеатр

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Нұрдәулет Қилыбай

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО

білім