USD
USD
USD

Дағыстанда 300-ден астам адам судан уланды

Дағыстанның Магарамкент ауданында соңғы үш күнде 302 адам, оның ішінде 294 бала ішек инфекциясының белгілерімен медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы республика Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында хабарланды.  

Д
Фото: gorodbuynaksk / Telegram

Алматы, NEGE. Жергілікті Роспотребнадзордың хабарлауынша, улану Магарамкенттен 14 шақырым жерде орналасқан «Джепельский» бұлағындағы суға байланысты болуы мүмкін.

Дәрігерлер ауылдарда індетке қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр. Жағдайды осыған дейін Магарамкентке барған Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ярослав Глазов бақылауға алған.

Аудандық орталық ауруханаға улану белгілерімен түскен үш науқас шығарылды, 93 науқас ауруханада қалды. Ауру тіркелген елді мекендердің тұрғындарына ішу және тамақ дайындау үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану ұсынылады.

Дағыстанға суды залалсыздандыру үшін үш тонна натрий гипохлориті жеткізілмек. 9 шілдеде Ресейдің Тергеу комитетінің жергілікті департаменті аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының директоры Ренат Халидовтың ұсталғаны туралы хабарлады. Оның үстінен «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров