USD
USD
USD

Дағдарысқа қарсы жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. 

Дағдарысқа қарсы жедел штабтың кезекті отырысы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкіметтің Telegram парақшасы мәлім еткендей, Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.

«Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді», — деді А. Ғиният.

Қалған 9 өңір бойынша ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған. Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда екенін хабарлады. Қазақстандық делегацияның Әзербайжан мен Грузияға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен құжатқа қол қойылды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев құжаттың негізгі мақсаты Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту және бірыңғай логистикалық компания құру екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы бұл бастамаға Түркия Республикасы қосылуға ниетті.

Аталған бағыт бойынша жүк тасымалдау туралы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ҰК басқарма төрағасы Н. Сауранбаев баяндады. Ол бүгінгі таңда жүктердің негізгі номенклатуралары (көмір, кокс, ферроқорытпалар және т.б.) бойынша вагондар мен контейнерлер арқылы тасымалдауға арналған кешенді тариф мөлшерлемесі бекітілгенін атап өтті.

Сонымен қатар Н. Сауранбаев бұған дейін «Атамекен» ҰКП мәлімдегендей, Қытай тарапының теміржол тасымалы тарифтерін едәуір өсіргеніне қатысты ақпараттың расталмағанын хабарлады.

Бүгінге дейін күнделікті өткізіліп келген Жедел штаб отырыстарын енді бизнес-қауымдастықтың өтініші бойынша олардың сұрақтарының келіп түсуіне қарай аптасына екі рет өткізуге шешім қабылданды.

Жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов