USD
USD
USD

Дәдебай Құрылтайдағы орынбасарларын таңдады

28 тамызда өткен бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында депутаттар төрағаның үш орынбасары мен комитеттер төрағаларын сайлады.

Құрылтай төрағасының орынбасарлары
Фото: Коллажды құрастырған NEGE

Астана, NEGE. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің вице-спикер лауазымына «Әділет» партиясынан Нұрлан Бекназаров пен Динара Зәкиеваның, «Ақ жол» партиясынан Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар төрағаның ұсынысын қолдады.

Айта кетейік, Дания Еспаева бұған дейін де Мәжіліс төрағасының орынбасары болған. Ал Нұрлан Бекназаров Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетін басқарған. Динара Зәкиева Мәжіліс депутаты болған.

Сондай-ақ Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды. Атап айтқанда:

  • Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы;
  • Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
  • Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы;
  • Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы;
  • Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;
  • Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы; 
  • Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетін басқарады.

Еске салсақ, Құрылтай төрағасы болып «Әділет» партиясынан Айбек Дәдебай сайланды. Оның кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы