USD
USD
USD

Cудьяны Отанға опасыздық жасағаны үшін соттады

Киевтің Святошинск ауданының соты Қырымның Красногвардейский аудандық сотының судьясын мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Cудьяны Отанға опасыздық жасағаны үшін соттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы елдің Бас прокуратурасы хабарлады. Сот үкімінде аты-жөні көрсетілмеген судья 2014 жылдың наурыз-қараша айларында Ресей билігіне Қырымды басып алуға көмектескен делінеді. Украина соты оны заңсыз басқыншы органдарды құруға атсалысқан және украин билігінің бақылауына кедергі келтірген деп тапқан. Отанға опасыздық жасады деп сотталған судья жалғыз бұл емес. 2019 жылдың шілдесінде украин соты Қырым Автономиялы республикасының Аппеляциялық сотының судьясы Ирина Рыжованы 2014 жылы Ресей жағына өткені үшін сырттай 12 жылға соттап, мүлкін тәркілеген. Бұдан бөлек тағы екі судья дәл осындай айыппен 12 жылға сотталған.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі