USD
USD
USD

COVID-19-дың тарауы тоқтаған елдер бар

Эстонияның қоғамдық істер министрі Танел Кийк ел бойынша коронавирус инфекциясының тарауы тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru. 

COVID-19-дың тарауы тоқтаған елдер бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, қазір Эстония тек екінші толқынмен және инфекцияның ошақтары бойынша жұмыс істеп жатыр.  "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының индикаторларына қарасақ Эстонияда қазір эпидемиологиялық жағдай бәсеңдеген", - дейді Танел Кийк.

Кийктің сөзінше, Эстония мұндай нәтижеге уақытында қабылданған карантин режимінің арқасында жеткен. Министр карантин режимісіз ең аз дегенде 20 мың адам COVID-19 жұқтырып, мың адам қайтыс болар еді. 

Еске салайық, бұған дейін 27 сәуірде Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. Одан бөлек, 7 мамырда Исландия коронавирусты жеңгенін хабарлады. Елдегі COVID-19 жұқтырған науқастардың 97 пайызы айығып шыққан. 

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп