Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

COVID-19-дың симптомсыз түрі өте қауіпті

COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлде қайда қауіпті. Мұндай пікірді медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19-дың симптомсыз түрі өте қауіпті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны байқалады. Алайда, бұл ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді. Бұған карантин шараларының арқасында қол жеткізіліп отыр. Дегенмен, карантин шараларын сәл ғана босаңдатса, бірден ушығып кетеді. Сондықтан босаңсуға болмайды. Коронавирусқа қатысты айта кетер тағы бір жайт, адамдардың 70 пайызы оның симптомсыз түрін бастан кешіреді. Осыған байланысты көпшілік симптомсыз өткені жақсы деп ойлайды. Жақсы ештеңесі жоқ. Бұл адамдар өзгелерге жұқтырады. Олардың өздері ауырмағанымен коронавирусқа шалдыққандарға қарағанда әлде қайда қауіпті», - деді С.Әміреев. Оның түсіндіруінше, коронавирустың симптомды түрімен ауырған адамдар оқшауланып, емделеді. Ал вирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар тест тапсырмастан емін-еркін жүре береді. Сол арқылы ол айласындағы дені сау адамдарға вирус жұқтырады.

Қазір оқып жатыр

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы