USD
USD
USD

COVID-19-дан сауыққан балалардан қауіпті мультисимптомдық синдром анықталған

Коронавирустан жазылған 662 балаға зерттеу жүргізіліп, олардан қауіпті мультисимптомдық синдром (MIS-C) анықталды.

COVID-19-дан сауыққан балалардан қауіпті мультисимптомдық синдром анықталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пенсильвания университетінің бір топ ғалымы және олардың Хьюстондағы Техас балалар ауруханасындағы әріптестері жаңа синдром өмір бойы бақылауды қажет ететінін болжады, деп жазды sterlegrad.ru. «Бұл – балаларда болатын SARS-CoV-2-мен байланысты жаңа ауру. Балаларда COVID-19-дың белгілері байқалмауы мүмкін (жөтел, тамақ ауруы, ентігу, иіс сезудің жоғалуы). MIS-C қабыну синдромы өлімге әкелуі мүмкін, себебі ол бірден бірнеше мүшеге әсер етеді. Оның ішінде жүрек, өкпе, асқазан-ішек жолдары және жүйке жүйесіне байланысты көріністері бар», - деді зерттеу авторларының бірі Альваро Морейр. Бақылау нәтижелерін медицина ғалымдары «The Lancet» журналына жариялады.   Жарияланған ақпаратқа сәйкес 15.01-25.07 аралығында коронавируспен ауырған 662 баланың көпшілігінде жүрек-қан тамырлары жүйесінде қиындықтар болған. Дәрігердің айтуынша, мультисимптомдық синдром белгілері: – ісіну; –  диарея; –  бөртпе; –  конъюнктивит; – лимфа түйіндерінің ісінуі.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны