USD
USD
USD

COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қан топтары анықталды

Ғалымдар COVID-19 бен қан топтары арасындағы байланысты көрсететін екі жаңа зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігі.

COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қан топтары анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғалымдар Италия мен Испаниядан келген коронавируспен ауыратын 1610 пациентті зерттеді. Олардың ДНҚ молекулалары зерттелді. Анықталғандай, II қан тобындағы адамдарда (қазіргі классификацияға сәйкес оны А қан тобы деп те атайды) COVID-19 қаупі айтарлықтай жоғары. Атап айтқанда, I қан тобындағы адамдармен (қазіргі классификацияға сәйкес 0 қан тобы) салыстырғанда екі есе көп. Бірінші қан тобындағы адамдарға келетін болсақ, жаңа деректер олардың коронавирусқа қарсы иммунитетін мүлдем көрсетпеді, бұл олардың COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауырып шығу қаупі барынша аз екенін білдіреді.

Ал III және IV қан тобындағы немесе қазіргі классификация бойынша В және АБ топтарындағы коронавирус жұқтырған науқастарда COVID-19 вирусымен ауырудың айқын тенденциясы байқалмайды. 14 қазанда Blood Advances мамандандырылған басылымында тағы екі зерттеудің нәтижелері жарияланды. Неміс және норвег ғалымдары коронавирусты жұқтырған жағдайда I қан тобындағы адамдарда ауру жеңіл түрде жүреді деген тұжырымдарын растады. Грац медициналық университетінің ғалымдары қазір мұның себебін білуге тырысып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы