USD
USD
USD

Covid-19 жұқтырғандарды емдейтін 100-ден астам аурухана салынды

Шанхайда COVID-19 індетін жұқтырғандарды емдеу үшін 100-ден астам уақытша модульды аурухана салынды.

Covid-19 жұқтырғандарды емдейтін 100-ден астам аурухана салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Олар 160 мыңнан артық науқасқа есептелген. Бұл туралы мегаполистің әкімшілігі баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

«Қалада қазір 8 мыңнан астам науқасты қабылдай алатын 8 аурухана жұмыс істеп тұр. Осы демалыста тағы жаңадан ашылады. Эпидемиологиялық жағдайға қарай ауруханалар мен уақытша модульды стационарларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жағы күшейтіледі», - деді Шанхай вице-мэрі Цзун Мин.

Күні кеше қалада COVID-19 індетін жұқтырған 1015 науқас тіркелді, сондай-ақ 22609 адамның коронавирусты сипмтомсыз тасымалдаушы екені анықталған.

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, бүгін шаһарда антигендерге жалпықалалық тестілеу басталды. Ал індеттің жайылуына жол бермеу үшін COVID-19 нуклеинді қышқылдарына жаппай тестілеудің тағы бір кезеңін өткізу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай