USD
USD
USD

COVID-19 жұқтырғандарды дексаметазонмен емдеу тиімді ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) британ ғалымдарының дексаметазон дәрісін COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуін ғылыми жетістік деп атады. Ісікті қайтаратын препарат жағдайы ауыр науқастарды емдеуге көмектеседі. Бұл туралы ДДСҰ баспасөз қызметі хабарлады.

COVID-19 жұқтырғандарды дексаметазонмен емдеу тиімді ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «COVID-19 вирусын жұқтырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастар арасында өлім көрсеткішін төмендетуге көмектескен алғашқы препарат. Жақсы жаңалық. Ұлыбритания үкіметін, Оксфорд университетін, ғылыми жетістікке үлес қосқан дәрігерлер мен науқастарды құттықтаймын», – деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус.

Зерттеу Оксфорд университетінде жүргізілді. Дексаметазонның клиникалық сынағына 6 мың адам қатысты. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастарды дексаметазонмен емдесе, өлім қаупі 35 пайыз азаяды.

Британ ғалымдарының пікірінше, дексаметазонды пандемия басталғанда қолданғанда, Ұлыбританияда 5 мың адамды өлімнен құтқаруға қалуға болар еді.

Дексаметазон дәрісі қымбат емес. Англияда дәрінің бір қорабы шамамен 5 фунт стерлинг тұрады. Дексаметазон 1960-жылдардан бері ісікті басу үшін пайдаланылып келеді.

Әлемде 8 миллионнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 440 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова