USD
USD
USD

Covid-19: Жұқтырғандар саны миллионға жетіп қалды

Испанияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 850-ге жуық адам қайтыс болды. АҚШ-та American Airlines компаниясы үкіметтен 12 млрд доллар сұрап отыр. Ал Польшада қатаң карантин режимі енгізілді, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Covid-19: Жұқтырғандар саны миллионға жетіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Covid-19 вирусын жұқтырушылар саны күн санап өсіп келеді. Сонымен қатар оның тарау жылдамдығы да артты.

Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлем бойынша қауіпті вирусты жұқтырушылар саны соңғы үш күн ішінде 128 мың адамға жетті.

Ақпанның ортасында вирус жұқтырушылар саны тәулігіне орташа алғанда 2-3 мың адамды құрады. Егер вирустың тарауы осы қарқынмен жалғаса берсе, осы аптаның соңында-ақ әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар 1 миллион адамға жетеді (сейсенбі күні олардың саны 800 мың болған).

1 сәуір күнгі таңдағы мәліметтер бойынша әлемде вирус жұқтырғандар саны 859991 (+73185 тәулігіне) адамды құраған, қайтыс болғандар — 42148 (+4324), сауығып шыққандар — 178100 (+12493) адам.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.