USD
USD
USD

COVID-19 жұқтырғандар: 2 млн теңге өтемақы 500-ден аса ғана медқызметкерге берілді

500-ден астам медицина қызметкері жұмыс кезінде COVID-19 жұқтырғаны үшін өтемақы алды, деп мәлімдеді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен брифингте.

COVID-19 жұқтырғандар: 2 млн теңге өтемақы 500-ден аса ғана медқызметкерге берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын қаралған, бекітілген және ең бастысы төленген өтемақыларға мониторинг жүргізеді. Кешегі жағдай бойынша, 500-ден астам медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден өтемақы төленді. Өкінішке қарай, қаншама адам бұл цифрға енбей қалды, оларға төлем төлеуден бас тартылды, - деді Есмағамбетова.

Ол төлемдер мәселесінде өтемақы төлеу тәртібін сипаттайтын нормативтік-құқықтық акт бар екенін және басқалармен қатар, аймақтық комиссияларда төлемді талап ететін әр медицина қызметкеріне арналған құжаттар пакетін қарастыратынын еске салды.

- Бұл комиссиялардың жұмысы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның соңғы отырысында қаралды. Барлық әкімдерге бұл жұмысты жандандырып, облыстық комиссияға ұсынылатын барлық құжаттар пакетін тез қарастыру тапсырылды, - деді бас санитарлық дәрігер.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны