Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

COVID-19 жұқтырған 40-тан астам науқастың жағдайы нашар

Қазақстанда коронавирусты инфекцияны жұқтырған 40-тан астам науқастың жағдайы нашар және олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

COVID-19 жұқтырған 40-тан астам науқастың жағдайы нашар
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда КВИ-ден 5073 адам емделіп жатыр, олардың 30-ы бала. Стационарларда 2863 науқас, амбулаторлық деңгейде -2210 науқас жатыр. 140 науқастың жағдайы ауыр, 18-нің жағдайы өте нашар, 24-і ӨЖЖ аппаратына қосылған», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Соңғы ақпар бойынша 13 наурыз 7 қыркүйек аралығында КВИ+: жұқтырғандар – 106 361 (соңғы тәулікте – 60), адам өлімі – 1631 (соңғы тәулікте – 7); 1 тамыз – 7 қыркүйек аралығында КВИ-: жұқтырғандар – 27762 (соңғы тәулікте – 139), адам өлімі – 314 (соңғы тәулікте – 1).
«Жалпы елде 99 654 адам COVID-19 дертінен жазылып шыққан», - делінген Қазақстандағы КВИ жағдайы бойынша ведомствоаралық комиссия хабарында.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.