Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

COVID-19 вакцинасының орнына тұзды ерітінді салған медбике ұсталды

Медбике наурыздан сәуірге дейін жергілікті тұрғындарға COVID-19-ға қарсы вакцинаның орнына тұзды ерітінді салған деген күдікке ілінді. 

COVID-19 вакцинасының орнына тұзды ерітінді салған медбике ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қызыл Кресттің бұрынғы қызметкері полицейлердің назарын көктемде аударған, бірақ ол кезде баспасөзде әйел алты құты Pfizer/BioNTech вакцинасын абайсызда шағып алып, жазадан қорыққанынан оларды тұзды ерітіндіге алмастырғаны туралы хабарланды. 

Енді тергеушілер әйелдің әрекеті кездейсоқ екеніне сеніп отырған жоқ, себебі жалған "вакцина" алғандардың саны көп. Тұзды ерітіндіні 8557 адамға дейін алуы мүмкін деген күдік бар. Әйел оларға вакцинация үшін шприц дайындаған.

Кейін медбике әлеуметтік желілерде COVID-19 туралы сыни ойын айтқаны анықталды.

Германияның солтүстігіндегі аймақ билігі зардап шеккен барлық тұрғынға коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина салдыруға шақырып, хат жолдады. 

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш