USD
USD
USD

Covid-19: Украинада антирекорд тіркелді

Украинада коронавирус жұқтыру саны бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте елде вирус жұқтырудың 18 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Тағы 326 пациент қайтыс болды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Covid-19: Украинада антирекорд тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Қызыл» аймақта 11 өңір тұр, соның арасында Киев қаласы да бар. 4 наурызда Украина билігі елде пандемияның үшінші толқыны басталғанын жариялады.

Ауруханалардағы жағдай күрделі, медицина қызметкерлері стационарлық ем қабылдауға мұқтаж адамдардың саны қаңтар айынан бері төрт есе көбейгенін айтуда. Соңғы екі аптада ауруханаға жатқызылған адамдардың саны күрт өскен.

Пандемия басталғалы, Украинада инфекция жұқтырған 31 мың адам қайтыс болды. Жаппай вакциналау науқаны мұнда бір ай бұрын басталған. Екпені 174 мың украиналық азамат салдыртты, олардың көбі вакцинаның тек бір дозасын ғана алған.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті