USD
USD
USD

COVID-19: Таразда алғашқы оңалту орталығы ашылды

Таразда COVID-19 емделушілеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

COVID-19: Таразда алғашқы оңалту орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Бұған дейін белгілі болғандай коронавирустық науқастың ағзасына айтарлықтай зиян келтіреді. Науқастың инфекциялық стационардан емделіп шығуы – денсаулығының толық қалпына келгенін білдірмейді. Дәрігерлердің өздері «COVID-19»-дан өткен адамға медициналық оңалту қажеттігін айтады. Осыған орай Тараз қаласында коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдарға арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Оңалту орталығының бас дәрігері Динара Кәрібаева нақтылағандай, Орталық әртүрлі деңгейдегі ауруға шалдыққан науқастар үшін әрқашан ашық.
«Тәулік бойы ем алатындарға 120 орын дайындалған десек, бұдан басқа біз адамдарды амбулаториялық және күндізгі стационарға қабылдай аламыз. Біздің мекемеде облыс орталығының және аудан тұрғындары да оңалтудан өте алады», - деді Кәрібаева.
Медицина қызметкерлері қолда бар төсек-орынның жеткілікті деп сендірді, өйткені ауыр жағдайдағы аурулардан басқа, 200-ден астам адам орталықтың қызметін амбулаториялық негізде пайдалана алады.
«Реабилитологтар мен емханалардағы мамандар науқастарды бағыттау шкаласын және балдық жүйе бойынша емдеу қарқындылығының қажетті деңгейін анықтайды. Аурушаңдықтың сипаты осы көрсеткіштерге байланысты - амбулаториялық, күндізгі стационар немесе тәулік бойы орналастыру болып белгіленеді, - деп түсіндірді Д. Кәрібаева.
Облыс әкімдігінде мәлімдегендей, орталық қажетті жабдықтармен жабдықталған.
«Мұнда Қазақстан мен Литвада кәсіби даярлықтан өткен білікті дәрігерлер жұмыс істеуде. Барлығы жаңа орталықта 75 маман жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жұмысқа оннан астам тар бейінді мамандар тартылды, себебі COVID-19 полиоргандық ауру болып табылады. Коронавируспен ауырған көптеген науқастарда әлсіздік, өкпенің зақымдалуына байланысты тыныс алудың қиыңдауы байқалады, бұл дене тіндерінде оттегі алмасуының бұзылуына әкеледі. Қалпына келтіру әртүрлі жолдармен жүреді», - делінген хабарда.
Денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Хамит Мырзақасымов атап өткендей, Медициналық оңалтудың міндеті - физиотерапия, емдік дене-шынықтыру және басқалары сияқты дәстүрлі және альтернативті медицина көмегімен дененің бұзылған функциялары мен науқастың денсаулық жағдайын барынша қалпына келтіру.
«Мамандар тыныс алу жүйесін қалпына келтіру, ағзаның күйзеліске орнықтылығы, науқастардағы стрессті, мазасыздықты немесе депрессияны жеңу бағытында жұмыста жүргізуде», - деп түсіндірді Мырзақасымов.
Хабарда атап өтілгендей, алғашқы жұмыс күнінде-ақ орталық COVID-19-мен күресте зардап шеккен 30-дан астам медицина қызметкерлерін қабылдады.
Дәрігерлердің айтуынша, Орталықта қолданылатын физиотерапиялық емдеудің түрлі әдістерінің көмегімен құрысулар жойылып, ісіну азаяды, тіндердегі қабыну және аутоиммунды реакциялар төмендейді, адгезиялардың алдын алады.
«Өкпенің жұмысын жақсартатын тыныс алу жаттығулары арнайы жаңа құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Ауыр жағдайдағы науқастар аса зорықтырмайтын тренажерлармен айналысады. Науқасқа бөлінген уақыт оның ағымдағы жағдайына байланысты. Күніне орта есеппен 80-нен астам адам емдік денешынықтыру курсынан өте алады», - деді емдік денешынықтыру нұсқаушысы Ізімжан Кибиров.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, сонымен қатар, орталықта қабынуды басуға және тыныс алу қызметін жақсартуға арналған дәрі-дәрмектермен аэрозольді терапиясы қолданылады.
«Кәсіби қалпына келтіру шаралары аурудан және оның зардаптарынан толық айығудың кепілі болып табылады. Бұл оңалту орталығында коронавирустық инфекциядан қалпына келтіру шаралары – емдеу нәтижелерін бекітуге көмектеседі», - деді облыс әкімдігінен.
Хабарда нақтыланғандай, Оңалтуға жолдама беруді құрамына қоғам өкілдері енген арнайы құрылған комиссия жүзеге асырмақ.
«Мұнда пациенттер тек оңалтуды ғана емес, сонымен бірге психологиялық көмек алады», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы