USD
USD
USD

Covid-19 таралуы артып келеді

Қазақстанда алдыңғы аптамен салыстырғанда коронавирус індетінің таралуы 3,6 есеге, яғни 127-ден 457 жағдайға дейін өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім болды.

Covid-19 таралуы артып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Таратылған мәліметке қарағанда, COVID-19 ауруының таралуы басқа елдерде де өсіп келеді. Мәселен, коронавирус инфекциясына қатысты әлемдік статистика деректері бойынша соңғы 7 күнде індет жұқтыру көрсеткіші 15 пайызға, өлім-жітім 3 пайызға өсті.

«Соңғы аптада Қазақстанда індетті жұқтырудың 457 жағдайының 391-і немесе 85 пайызы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Жүргізілген талдау кезінде пациенттердің 80 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алмаған адамдар екені, сондай-ақ вакциналаудан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар екені анықталды. Бұл деректер вакциналау КВИ инфекциясынан қорғаудың және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жалғыз тиімді қадамы екенін көрсетіп отыр», - делінген министрлік мәліметенде.

Қазіргі уақытта тәулігіне 20-21 мың екпе жасалады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді.

«Республикада коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина бар. Жалпы 2,3 млн доза екпе қамтамасыз етілді. КВИ бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқаралып жатыр. Әсіресе, коронавирус ауруы бойынша жоғары тәуекел тобына кіретін адамдар ревакцинациядан өткені дұрыс», - деп аталып өткен хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы