USD
USD
USD

Covid-19: Локдаун енгізілді

Бавария коронавирус инфекциясының төртінші толқынымен күресуде. Осыған байланысты Германияның ең ірі федералды жерінің премьер-министрі 24 қарашадан бастап қосымша шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews. 

Covid-19: Локдаун енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кафе мен мейрамханалар кешкі сағат 10-ға дейін жабылады, ал дискотека мен түнгі клубтар мүлде жұмысын тоқтатады. Одан бөлек, жәрмеңке мен рождество базарларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.

Екпе алмаған баварлықтар карантинде болады. Қоғамдық орындарға тек екпе алғандар мен ковидпен ауырғандар ғана барады. Бұл шара аса қажет, себебі ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға толып кеткен. «Екпе салдырмаған адамдар басқалалардан ауыр зардап шегіп жатқанын сеніммен айтуға болады», - деді Бавария премьер-министрі Маркус Зедер. 13 миллионнан астам халқы бар Баварияда 4,5 миллионнан астам тұрғын вакцина салдыртқан. Бұл елдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. Германияда халықтың 68%-ы екпе алған. Республикадағы жұқтыру жағдайы қарқынды өсіп келеді. Жұма күні 53 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды, ал бейсенбі күні бұл көрсеткіш 65 мыңнан асқан. Жаңа шектеу шаралары 24 қарашадан 15 желтоқсанға дейін енгізілмек.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі