USD
USD
USD

Covid-19: Коменданттық сағат енгізілді

Чехия үкіметі коменданттық сағат енгізілгенін жариялады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Covid-19: Коменданттық сағат енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Чехия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Роман Примуланың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны көбеюіне қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында жергілікті тұрғындарға 28 қазан мен 3 қараша аралығында 21.00-ден 05.00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Министрдің айтуынша, министрлер кабинетінің осы шешімімен барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар мен компанияларға жұмысты home office режиміне ауыстыру ұсынылды.

Сондай-ақ, 27 қазанда Үкіметтің парламентке төтенше жағдай режимін тағы 30 күнге ұзарту туралы ұсыныс айтатыны белгілі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Чехияда 162 866 адамнан коронавирус анықталған, олардың 5613-і ауруханаларда. Пандемия кезінде мұнда 2337 адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy