USD
USD
USD

COVID-19: Испаниялықтар еркінсіп кетті

Испанияның барлық провинциясында коменданттық сағат алынған соң, жүздеген адам ел астанасы Мадридтің орталық алаңына қыдыруға шықты.

COVID-19: Испаниялықтар еркінсіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұрғындар көңіл көтеріп, билеп жүр. Тіпті олар бетперде тақпай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамай, еркінсіп кетті. Коменданттық сағат алынғанымен, шектеу талаптарын әлі де қатаң ұстану қажет. Шарапханалар мен мейрамханалар түнге 12-ге, ал түнгі клубтар түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. Мадрид коронавирус жұқтыру деңгейі бойынша Испанияда екінші орында.

Лола Мартинэс, Франция тұрғыны:

– Біз бірнеше күннен бері осындамыз. Испанияға үлкен үмітпен келдім. Далаға шығып, адамдармен кездессем бе деп едім. Бірақ коменданттық сағаттың кесірінен бұл ойымды жүзеге асыра алмай келдім. Енді қуанып жатырмын.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси