USD
USD
USD

COVID-19: Иранда шектеулер мерзімі ұзартылды

Иран коронавирус індетіне байланысты қабылданған шектеулердің мерзімін қарашаның жиырмасына дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

COVID-19: Иранда шектеулер мерзімі ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, ел астанасы Тегеранда мектептер, мешіттер, дүкендер мен мейрамханалар жұмыс істемейтін болды. Індеттің өршуіне байланысты кейбір өңірлерде ауруханаларда орын жетіспейді. Дәрігерлердің айтуынша, ел аумағында әр төрт минут сайын осы дерттен өлім тіркеліп жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері егер халық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтамаса, күн сайынғы өлімдер саны 600-ге дейін өсуі мүмкін деп ескертті. Соңғы бір тәулікте Иранда 6 мыңдай науқас анықталды. Ал жалпы ел бойынша бұл ауруды жұқтырғандардың саны 570 мыңнан асып кетті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy