USD
USD
USD

COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді
Фото: NEGE.kz



Алматы, NEGE. «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті індет анықталды. Кешегі күн бойынша пневмониямен ауыратын 13 баланың бесеуінде індет анықталмады. Қалғандары зерттелуде», — деді А. Молдағасымова.

Бүгінде індеті таралған елдерден келетін адамдардың арасында коронавирустық инфекцияны анықтау жұмыстары жалғасуда.

Айта кету керек, қауіпті індетке тексерілетіндердің қатары кеңейеді. Әсіресе, бұл санатқа бронх-өкпе ауруының белгілері бар әрі есепте тұрған 60 жастан асқан адамдар кіреді. Бұдан өзге алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген медқызметкерлер де тексеруден өтеді.

Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігер адамдарда жөтел мен дене қызуының көтерілу сияқты белгілер пайда болған жағдайда, жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.

 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов