Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

COVID-19: Халықаралық рейс жолаушыларынан инфекция анықталды

Халықаралық рейспен келген бірнеше жолаушының ПТР тест анықтамасы болмады, деп хабарлайды ATPress.kz

COVID-19: Халықаралық рейс жолаушыларынан инфекция анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдегендей, ел аумағына келген 1 026  жолаушының кейбіреулерінде ПТР-тест тапсырғандығы туралы анықтама болмаған. Коронавирустық инфекция табылмағандығы жөнінде ПТР-тест қорытындысын ұсынған 921 жолаушы, қалған 105 адамда тиісті анықтама болмаған.

Өткен тәулікте Қазақстанға Еуропа (Түркия, Нидерланды, Белоруссия, Ресей), Азия (БАӘ, Корей, Өзбекстан) және Африкадан (Египет) жалпы 12 халықаралық рейс ұшағы қонған.

Олардың алтауы Нұр-Сұлтанға қонған (507 жолаушы, 431 - анықтамамен, 76 -анықтамасыз).

Бес ұшақ Алматыға қонды (420 жолаушы, 391 - анықтамамен, 29 - анықтамасыз).

99 жолаушысы (барлығы анықтамамен) бар 1 әуе борты Атырауға келді.

«ПТР-тест анықтамалары жоқ жолаушылар сол бойда карантиндік стационарға орналастырылып, олардан сынама алынды. Нәтижесінде екі адамнан Covid-19 анықталды», делінген департамент хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі кей өңірде жарықтың сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Электр жарығы

Алматы қаласы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы

Қыркүйектен бастап Бозжыра шатқалына кіру ақылы болады

Бозжыра

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология