USD
USD
USD

Covid-19: Германияда 20 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды

Германияда коронавирусқа қатысты 20 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Германия судьяларының Федерал бірлестігінің басшысы Свен Ребен (Sven Rebehn) айтты, – деп хабарлайды DW.

Covid-19: Германияда 20 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бұл ең алдымен мемлекеттен заңсыз қаржылай көмек алу бойынша. Жалған онлайн-дүкендер құру, коронавирусқа қарсы жалған дәрі-дәрмектер мен сапасыз маскалар сату туралы. Барлық осы іс бойынша сот өндірісі 2021 жылы жалғасады дейді Ребен.

Сондай-ақ, Германияда жаңажылдық мерекелер кезінде отшашуларды сатуға тыйым салынатыны белгілі болды.

Айта кетейік, бүгінде Германияда 928 мың адамнан коронавирус анықталды. 601 мың адам сауығып, 14 мың адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт