Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

COVID-19 -ға қарсы үш вакцина клиникалық сынақтың соңғы кезеңіне жіберілуі мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жетекші ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан COVID-19 –ға қарсы үш вакцинаның клиникалық сынақтың соңғы кезеңіне жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ жаңалықтары»  ресми ақпараттық ресурсы.

COVID-19 -ға қарсы үш вакцина клиникалық сынақтың соңғы кезеңіне жіберілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Қазіргі таңда бүкіл әлем ғалымдары 300-ге жуық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуде, олардың тек үшеуі ғана зерттеудің алғашқы кезеңіне сәтті өтті және алдағы уақытта сынақтың соңғы кезеңіне жіберіледі. (…) Біз вакциналарды сынаудың жаңа, үшінші кезеңіне кірісіп жатырмыз. Ол аяқталған соң бұл вакциналардың қаншалықты тиімді және қауіпсіз екенін айта аламыз», - деді Сваминатан Женевадағы баспасөз мәслихатында.

Ол атап өткендей, жақсылыққа үміт артады, алайда бұл өте күрделі процесс және әзірге толықтай сенімді болуға болмайтынын ескертті.
«Жақсысы сол қазір біздің қолымызда бірнеше вакцина бар», - деді ғылыми қызметкер.

Оның айтуынша, егер сол кандидат-вакциналардың бірі сынақтың бәрінен сәтті өтсе, онда жыл соңына қарай нарықта бір немесе одан да көп вакцинаның бірнеше жүз миллион дозасы пайда болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді