USD
USD
USD

Covid-19: Бір тәулікте 788 адам вирус жұқтырды

Шанхайда бір тәулікте 788 адам COVID-19 жұқтырған және 7084 адамнан симптомсыз коронавирус анықталған.

Covid-19: Бір тәулікте 788 адам вирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенбіде COVID-19 диагнозы расталған жаңа пациенттердің 683-і бұған дейін коронавирус инфекциясын симптомсыз тасымалдаушылар санатында болған.

«Сол күні Шанхайда 38 адам коронавирустан көз жұмды. Олардың орташа жасы – 80,9, ал ең үлкені - 97 жаста еді. Барлығының қосалқы аурулары болған», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау істері жөніндегі комитет.

Сондай-ақ, 3055 науқас ауруханадан жазылып шыққан.

Еске салсақ, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь кейбір үндістандық студенттердің елдегі университеттерге оралуына рұқсат берілуі жөнінде айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян