USD
USD
USD

Covid-19: Әлемге қауіп төнді

Әлемді Covid-19 пандемиясының күрделі кезеңіне өтті. 

Covid-19: Әлемге қауіп төнді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Осы орайда Жердің солтүстік жартышарындағы халықтар қиын жағдайға тап болуда. Бұл туралы брифингіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы бірнеше ай бірқатар ел үшін ауыр сынақ болады. Қазірдің өзінде көптеген мемлекетте індетке шалдығудың экспоненциалды өсімі байқалуда. Осының салдарынан ауруханалар күрделі жағдайда жұмыс істеуде.

ДДҰ бас директоры әлем көшбасшыларын ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіреуіне, мектептердің жабылуына жол бермеу бағытында жедел шаралар қабылдауға шақырды. Тедрос Гебрейесус қазірден бастап елдердің үкіметтері қабылдауы тиіс 5 негізгі қадамды атады.

«Біріншіден, әр мемлекет өз аумағындағы індет ошақтары бойынша ахуалға нақты баға беруі керек. COVID-19-ды бақылауға алуға қауқарлы болған елдерге айтарым, індеттің таралуының төмен деңгейін сақтау үшін қазіргі уақытта осы бағытта күш-жігерді еселеу керек. Вирус бойынша елдің ішінде жағдайдың ушығуына жол беремеңіздер», - деді ол.

Екіншіден, індет жұқтыру саны артып келе жатқан елдер ахуалды тыңғылықты зерделеп, дұрыс талдау жасауы тиіс. Сәйкесінше, вируспен күресте стратегияға түзетулер енгізген жөн.

«Үшіншіден, нақты бір өңірде пандемия туралы қоғамға түсінікті әрі шынайы ақпаратты хабарлау маңызды. Бұл тұрғыда тұтас ел пандемияны еңсеруі үшін әр азаматтан талап етілетін қадамдар түсінікті айтылуы керек», - дед ұйым басшысы.

Төртіншіден, ұсынылған қауіпсіздік шаралары бойынша оларды азаматтардың орындауын жеңілдететін жүйелерді енгізу қажет. Егер адамдарға оқшаулану, карантинге шығу немесе қызметін уақытша тоқтату талабы қойылса, онда үкіметтер осы қадамдардан зардап шеккен отбасыларға, ұжымдар мен кәсіпорындарға көмек көрсетуі тиіс.

Бесіншіден, үкіметтік мекемелер індет жұқтырған адамдармен тұрақты байланыс орнатып, үнемі қажетті нұсқауларды бергені маңызды саналады.

Медицина қызметкерлері вирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды іздеп табу жүйесін ретке келтіріп, коронавирусқа шалдыққандарды оқшаулауға мән берсе, онда жалпыға ортақ мәжбүрлі карантин енгізу қажеттігі болмайды.

Оттек баллондарымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған ол, «ДДҰ дамушы елдердің денсаулық сақтау министрліктерімен оттегі құрылғыларын жобалау тұрғысында бірлесіп жұмыс істеуде. Осы орайда оттегімен жеткілікті деңгейде тұрақты қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, бұл бағытта барлық елдердің үкіметтерімен, мемлекеттік мекемелерімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Тедрос Гебрейесус.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу