Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

COVID-19: әлемдегі ахуал қалай?

Коронавирус індетінің беті қайтар емес. Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Испания, Италия, Түркияда өлім көрсеткіші күн санап артып отыр. 

COVID-19: әлемдегі ахуал қалай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырған тағы 5 525 адам анықталды. Қазіргі таңда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 114 217 адам тіркелген. Сондай-ақ, аталған вирустың кесірінен жақында 888 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны - 15 464.

Түркияда жақында 3 783 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл елде вирусты жұқтырғандардың жалпы саны - 82 329. Қауіпті вирустан тағы 121 науқас қайтыс болды. Індеттің салдарынан көз жұмғандардың жалпы саны 1890-ды құрап отыр. Иранда тағы 1 374 адамның COVID-19-ды жұқтырғаны белгілі болды. Коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 80 868 адам тіркелген. Иранда коронавирустан 73 адам жақында көз жұмды. Бүгінгі таңда ел бойынша қайтыс болғандар саны - 5 031. Францияда 3 824 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелді. Жалпы вирусты жұқтырғандар саны 151 793-ке жетті. Сонымен қатар, соңғы уақытта 642 адамның вирустың кесірінен көз жұмғаны белгілі болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны - 9 323. Өзбекстанда COVID-19-ды жұқтырған тағы 85 адам анықталды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1490-ға артты. Жақында бір адам аталған инфекция салдарынан қайтыс болды. Бұл елде коронавирустан көз жұмғандар саны - 5 адам.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА