Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

COVID-19 әлемде 233 263 адамды жалмады

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 3 256 570 жетті,  233 263 адам мерт болған, 1 014 524 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті таратты.

COVID-19 әлемде 233 263 адамды жалмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ вирус жұқтыру жағынан ғана емес, адам шығыны жағынан да бірінші орында тұр. Бұл елде 1 069 534 адам инфекция жұқтырған, оның 63 001 көз жұмды. Жазылғандар саны 153 947.

Коронавирустан жазылғандар көрсеткіші бойынша екінші орында Германия тұр. Вирус жұқтырғандар саны - 163 009, жазылғандар - 123 500 адам, 6 623 науқас мерт болған.

Испания жазылғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша үшінші орында. Ел бойынша COVID-19  жұқтырғандар саны - 213 435, қауіпті індеттен көз жұмғандар -24 543, жазылғандар - 112 050 адам.

Италия адам шығыны жағынан екінші орында, мұнда 27 967 адам мерт болған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 205 463, оның 75 945-і жазылып шыққан. 

Иранда вирус жұқтырғандар саны 94 640 адамға жетті. Жазылып шыққандар - 75 103, көз жұмғандар саны 6 028.

Францияда 167 299 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Жазылғандар саны 50 380 адам, көз жұмғандар - 24 410.

Түркияда 120 204 адам инфекция жұқтырған, оның 48 886 жазылып шыққан. Қайтыс болғандар саны - 3 174.

Ұлыбритания инфекция жұқтыру бойынша әлемде төртінші орында тұр. Онда 172 481 адамнан вирус анықталған, 26 842 адам көз жұмған, тек 859 адам жазылып шыққан.

РФ-да 106 498 адамнан вирус анықталған, жазылғандар саны -11 619, көз жұмғандар - 1 073 адам.

Ал, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 3504 адамға жетті, жазылғандар саны – 866, көз жұмғандар – 25.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА