USD
USD
USD

Covid-19: 43 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 393 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді. 

Covid-19: 43 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 34 адам коронавирус жұқтырған.

«Барлық емделіп шыққандар – 73, келіп түскені – 42 Инфекциялық стационарларда 393 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 23 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 43 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 21 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 789 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 755 науқас. 34 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе