Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Cот Қырғызстанда өлім жазасын қолдануға рұқсат бермеді

Қырғыз Республикасының Конституциялық соты өлім жазасын қайтаруға тыйым салды.

Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Сот өкілдері Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық ретінде бекітілгенін еске салды. Сондықтан өлім жазасын конституциялық түзету арқылы қайта енгізу Негізгі заңға сәйкес келмейді.

«Өмір сүру құқығы мен өлім жазасына тыйым салу қылмыстық саясатқа, сот әділдігінің мазмұнына, құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық жүйенің жұмысына бағдар беретін негізгі қағидалар саналады. Өлім жазасын қайта қалпына келтіру осы қағидалардан бас тартуды білдірер еді», – деді сот.

Конституциялық сот сондай-ақ Қырғызстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасына қосылғанын еске салды. Бұл хаттамаға қосылған мемлекет өлім жазасын қайта енгізбеуге және қандай жағдайда да оны қолданбауға уәде бергенін білдіреді.

«Мұндай жағдайда өлім жазасын ішкі құқыққа қайта енгізу халықаралық шарттарды адал орындау қағидатына қайшы келеді», – деді сот.

Осы уәждердің негізінде сот өлім жазасы жөніндегі түзету Конституцияға сәйкес келмейді, қабылданбайды және референдумға шығарылуға жатпайды деген қорытындыға келді. 

Қырғызстанда өлім жазасын 2007 жылы президент Құрманбек Бакиев жойған. Одан бұрын, 1998 жылдан бастап, республикада бұл жазаға мораторий қолданылған.

Қазіргі президент Садыр Жапаров балаларды зорлау және әйелдерді зорлап өлтіру фактілері үшін өлім жазасын қайтару жөніндегі түзетуді ұсынған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш