Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

CNN: Путин 9 мамырда "арнайы операцияны" соғыс деп жариялауы мүмкін

Биыл Мәскеуде 9 мамырда өтетін шеруге шетелдік көшбасшылар келмейді. 9 мамырда Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы "арнайы әскери операцияны" соғыс деп жариялауы мүмкін, деп хабарлайды CNN арнасы.

CNN: Путин 9 мамырда "арнайы операцияны" соғыс деп жариялауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Украинаға соғыс жариялау арқылы Владимир Путин жұмылдыру жұмыстарын бастамақ. Немесе ресми Мәскеу 9 мамырда Луганск және Донецк облыстарын аннексиялап, Одессаға қарсы жойқын шабуыл ұйымдастырып, Мариупольді толық бақылауына алғанын жариялауы мүмкін.

Ресейдің 9 мамырда жалпы жұмылдыруды жариялауға дайындалып жатқандығы туралы 2 мамырда Украина қорғаныс министрлігінің Басты барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов айтқан болатын.

"Иә, олар дайындалуда. Росрезерв тексеріс жүргізе бастады", – деді ол.

The Washington Post басылымы АҚШ-тың жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасай отырып, "Ресей мамыр айының соңында Шығыс Украинаның бір бөлігін аннексиялауды жоспарлап отыр" деген ақпарат жариялады.

Бұған дейін "9 мамырда Ресей жұмылдыру жұмыстарын бастауы мүмкін" деп  Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес және АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев