USD
USD
USD

Cиноптиктер сәуір айының ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет синоптиктері сәуірге арналған ауа райы болжамын

Cиноптиктер сәуір айының ауа райы болжамын жариялады
Фото: NEGE.kz

хабарлады.

Алматы, NEGE. Синоптиктер мәліметінше, сәуірде күн ұзақтығы артады, одан әрі күн жылынады. Қазақстанның солтүстігінде сәуірдің бірінші онкүндігінде орташа тәуліктегі ауа температурасы 0 градус, ал еліміздің оңтүстігінде +10 градус тұрақты оң мәндерге ауысатыны байқалады. Сәуірде аумақтың көп бөлігінде қар ериді.

Бір ай ішінде республика аумағында барикалық түзілім ауысуына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан циклондар шығуына байланысты кейбір күндері жаңбыр, екпінді жел, Қазақстанның оңтүстігінде найзағай, шаңды дауылмен ауа райы тұрақсыз сипатта болады.

"Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында еліміздің батысында және оңтүстік жартысында (оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр ылғалды қарға ауысуы мүмкін), онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік аймақтарда түнгі сағаттарда 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе