USD
USD
USD

Черногориядағы атыс: Үш күндік қаралы күн жарияланды

 Цетине қаласының тарихи орталығында ер адам тұрғындарға оқ жаудырды.  

атыс
Фото: euronews.com

Алматы, NEGE. Бардағы атыстан кейін ер адам далаға шығып, өтіп бара жатқан адамдарға да оқ атқан. Елдің ішкі істер министрі Данило Сарановичтің айтуынша, атыс салдарынан бірнеше адам жарақат алып, кемінде 12 адам көз жұмған. Олардың екеуі – мекеме иесінің балалары.

Vijesti телеарнасының хабарлауынша, атыс алдында барда төбелес болған. Полиция аталған жағдайға жанжал, кикілжің себеп болғанын айтып отыр.

Ішкі істер министрі оқиғадан кейін шабуылшының қала орталығындағы үйінің жанында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын да айтты. 45 жастағы ер адам алған жарақаттарынан ауруханаға жетпей көз жұмды.

Черногория үкіметі жедел отырыс барысында 2, 3 және 4 қаңтарды қаралы күн деп жариялау туралы шешім қабылдады. Медициналық орталықтан тікелей эфирде сөйлеген премьер-министр Милойко Спаич оқиғаны «трагедия» деп атады.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары