USD
USD
USD

Черногорияда Абай орталығы ашылды

Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица қ.) қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Абай орталығы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау.

Абай орталығының ашылу салтанатына Черногорияның Қазақстан, Австрия, Германия, Словакия, Испания, Италия, Венгрия, Болгария, Түркия және Греция Елшіліктерінің дипломатиялық өкілдері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Абай орталығына жүзден аса құжат табыс етілді. Олардың ішінде қазақ, орыс, ағылшын, қытай т.б көптеген тілдерге аударылған Абайдың шығармалары, қарасөздері, абайтану кітаптары, өмір жолы мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, сонымен қатар қазақ жазушылары Әбіш Кекілбаев, Кемел Тоқаев, Таласбек Әсемқұлов сынды ұлт зиялыларының кітаптары бар.

Бұл құжаттар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан алынды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер