USD
USD
USD

Чемпиондар лигасының финалдық матчы Санкт-Петербургте емес, Парижде өтетін болды

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) 2021-2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалдық матчын Санкт-Петербургтен Парижге ауыстыру жөнінде шешім қабылдады, -

Чемпиондар лигасының финалдық матчы Санкт-Петербургте емес, Парижде өтетін болды
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. УЕФА мәлім еткендей, бас еурокубоктың шешуші ойыны 28 мамыр, сенбі күні «Стад де Франс» стадионында өтеді. УЕФА-ның атқарушы комитеті кезектен тыс отырысында Еуропадағы жағдайдың күрделенуіне байланысты осындай шешімге келген. Футбол қауымдастығы түсіністік пен қолдау танытқаны үшін Франция президенті Эммануэль Макронға алғысын білдірді. Сонымен қатар УЕФА аясында Ресей мен Украина аумағында өтуі тиіс барлық клубтар мен құрамалардың ойындары бейтарап алаңға ауыстырылатын болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Манчестер Юнайтедтің» алғашқы кездесуінде тең түскенін жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur