USD
USD
USD

Чемпиондар лигасы: Украиналық клуб атақты «Реалды» жеңді

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі кезекті ойындар аяқталды.

Чемпиондар лигасы: Украиналық клуб атақты «Реалды» жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «В» тобындағы «Реал Мадрид» – «Шахтер» арасындағы ойында күтпеген есеп тіркелді. Кездесудің 29-минутында украиналық команданың футболшысы Тете есеп ашты. Мұнан соң «Шахтер» есепті еселеді. «Реал» қорғаушысы Рафаэль Варан өз қақпасына гол кіргізіп алды. Украина командасының шабуылы мұнымен тоқтаған жоқ. Бірінші таймның соңына таман шабуылшы Манор Соломон «Шахтердің» үшінші голын соқты. «Реал» екінші таймда тың өзгерістер енгізді. Шабуыл шебіне француз Кәрім Бензема қосылды.

Модрич пен Жуниор корольдік клубтың сапында көзге түсті. Қорытынды есеп – 2:3. Осылайша, «Шахтер» атақты «Реалды» жеңіп, топтық кезеңнің сенсациясын тіркеді. «А» тобында Германияның «Зальцбург» командасы мен Ресейдің «Локомотиві» сынға түсті. Ойын жылдам шабуылдармен басталып, ресейліктер үшін жемісті болды. 19-минутта шабуылшы Эдер қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Немістердің жауабы көп күттірген жоқ. Ойынның бірінші бөлігіне жақын тұста Доменек Собослай таразы басын теңестірді. Қарсыластар екінші таймда бір-бір голдан соғып, тең тарқасты. Гол авторлары: Лисакович пен Юнузович.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

кәсіпкерлік