USD
USD
USD

Чемпиондар лигасы қыза түсті

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында Англияның «Ливерпуль» командасы Португалияда «Бенфикадан» басым түсті. 

Чемпиондар лигасы қыза түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Екі команда арасындағы кездесуде ағылшындар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Мохамед Конате 17, Садио Мане 34, Луис Диас 87-минуттарда мергендік танытты. Оған алаң иелерінен Дарвин Нуньес 49-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Сондай-ақ, Англияның «Манчестер Сити» командасы өз алаңында Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 1:0 есебімен сүріндірді. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды Кевин Де Брёйне 70-минутта өзінің еншісіне жазды.

Енді бүгін, 6 сәуірде «Челси» (Англия) пен «Реал Мадрид» (Испания), «Вильрреал» (Испания) және «Бавария» (Германия) жасыл алаңға шығады.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ