USD
USD
USD

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Желіде Қарағандыдағы «Аяла» би үйірмесінің жас бишілері түсірген видео қызу талқыланып жатыр.

Қыздар
Фото: instagram.com/ajalakz

Астана, NEGE. Алматыда өткен халықаралық би жарысынан Қарағандыға пойызбен қайтып бара жатқан қыздар танымал тренд бойынша видео түсіруді ұйғарған. Олар жарыста алған медальдарын сыңғырлатып, кубоктарын көрсетіп, видео түсіріпті.

Би жарысында 4 және 8 жас аралығындағы қыздар бірнеше аталым бойынша бірінші және екінші орындарға ие болған. Топ жетекшісі Татьяна Савельеваның айтуынша, эмоцияға толы қойылымдар көрермендер мен қазылар алқасын бейжай қалдырмаған.

Желі қолданушылары да бишілердің желіге жүктеген видеосын жылы қабылдады. Пікір иелері биші қыздарды жетістігімен құттықтап, мұндай «чемпиондар вагоны» расымен қошеметке лайық екенін жазуда.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция