USD
USD
USD

«Челсиге» ауысатын Дастан Сәтпаев 17 маусымда «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Футболшы Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысар алдында алматылық «Қайраттың» сапындағы  соңғы матчтары 13 және 17 маусымға жоспарланған, билеттер қазірден сатылып жатыр.

Дастан Сәтпаев
Фото: «Қайрат» ФК

Астана, NEGE. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Дастан Сәтпаев  «Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін матчтарда өнер көрсетеді.

«Он жыл бұрын Дастан "Қайрат" академиясына үлкен арманмен, өзіне деген сеніммен әрі футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады», – деп хабарлады «қайраттықтар».

Ойын кестесі:

  • «Қайрат» — «Атырау» матчы 13 маусым (сенбі) сағат 18:00-де басталады;
  • «Қайрат» — «Қызылжар» кездесуі 17 маусым (сәрсенбі) сағат 19:00-ге жоспарланған.

«"Қызылжарға" қарсы матчтан кейін Орталық стадионда шабуылшымызға арналған қоштасу рәсімі өтеді. Ол алдағы уақытта еуропалық үлкен сахнада жаңа сынаққа қадам басады.

Сіздерді Сәтпаевтың "Қайрат" сапындағы соңғы матчтарын тамашалап, түлегімізді құрметтеп шығарып салып, маусымның маңызды кезеңінде команданы қолдау үшін "Орталыққа" шақырамыз!», – делінген хабарламада.

Билетті Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларынан сатып алуға болады. Сатып алмас бұрын қосымшаларды соңғы нұсқасына жаңарту қажет.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова