USD
USD
USD

Челахтың ісін қараған судья қызметінен босатылды

Владислав Челахтың ісі бойынша белгілі судья Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Ербол Ахметжанов
Фото: askeri.sud.kz

Алматы, NEGE. Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы барысында облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау туралы мәселе қаралды.

Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін 2020 жылдан бері атқарған Ербол Ахметжанов қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ербол Ахметжанов Владислав Челахтың даулы ісін қараған сотты басқарған. 2012 жылғы 11 желтоқсанда Талдықорғандағы әскери қылмыстық істерге арналған мамандандырылған ауданаралық сотта Ахметжанов Челахты «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамның өліміне қатысты кінәлі деп танып, оны ерекше режимдегі колонияда өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram