USD
USD
USD

Чехияда бір долларлық купюрадан "жаңбыр" жауды

Жуырда Чехия астанасы Прага маңында бір долларлық купюрадан "жаңбыр" жауды. Оны арнайы тікұшақ жалдаған жергілікті блогер Kazma ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Чехияда бір долларлық купюрадан "жаңбыр" жауды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бастапқыда Kazma авторлық фильміндегі кодты шеше алған кез келген адамға миллион доллар беруге уәде еткен. Дегенмен, жұмбақтың шешімін ешкім таба алмаған.

Кейін блогер бұл ақшаны өзінде қалдырмайтынын айтып, жаңа байқау жариялаған. Жексенбіде таңертең Kazma өзінің веб-сайтында тіркелген жазылушыларға электрондық пошта арқылы жасырын орынды жібереді. Бұл жер Прагадан 30 шақырым жердегі егістік алқап болып шықты.

Белгіленген уақытта аспанда контейнері бар тікұшақ пайда болады, одан миллион доллар болатын купюралар шашылады. Ол кезде жерде мыңдаған адам болған. Еуропалық БАҚ мәліметінше, келгендер бір сағат бойы рюкзактары мен пакеттерге банкноттарды жинаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев